Оның негізінде Нұр Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы құрылды Ақмола облыстық филармониясы 1997 ж. Қысқа уақыт ішінде команда көпжақты орналастырды жоғары жетістіктерді кеңінен насихаттауға бағытталған концерт, музыка және дәрістер отандық және әлемдік музыкалық мәдениет.
Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің «Түркі әлемінің әуендері» атты онлайн концерті өтті, деп хабарлафйды Елорда Инфо.
«Сарыарқа» фольклорлық ансамблі ұлттық аспаптар мен күйлерді насихаттау арқылы түркі халқының мәдениеті мен музыкасын сипаттайды. Халыққа жаңа әндер мен шығармаларды паш еткен концертте филормонияның эстрадалық және дәстүрлі әншілері өнер көрсетті.
Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы Астана концерт залында «Халық әні» бөлімінің «Жаңғырған ән-күй» атты онлайн концерті өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Концерт «Қорқыт» этно ансамблі және «Шалқыма» халық би ансамблімен сүйемелденіп, тыңдармандарға халық әндерімен күйлері және танымал композиторлардың шығармалары ұсынылды. Тыңдармандарға таңдаулы туындыларды ұсынып, үздік орындаушылық шеберліктерін көрсеткен өнерпаздар алда әлі бірнеше концерт ұсынатын болады.
– Мәдени астанамыздың шығармашылық және көркемдік өсу жолында осы бір көрнекті концерттік ұйым тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар қомақты. Осы дүниелерді рет-ретімен тарқатып айтып берсеңіз.
– Астанамыздың елорда атанғанына аттай 23 жылдың көлемі болып қалған екен. Бұл қалаға ертерек келгендігімнен бе, қала маған өте ыстық. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының қазіргі таңдағы аяқ алысы жаман емес. 11 ұжымның басын қосып отырған мәдени ұйым көптеген іс-шараға мұрындық болып келеді. Өйткені республика бойынша академия деген атымыз бар, екіншіден ұжым өте үлкен, 700-ге жуық адам қызмет етеді. Атап айтар болсақ, қазақ оркестрі, симфониялық оркестр, үрмелі оркестр, ішекті квартет, камералық хор, фольклорлық ансамбль «Сарыарқа», «Шалқыма» халық би ансамблі, «Қорқыт» этно-ансамблі, классикалық және эстрадалық вокал бөлімі, дәстүрлі халық әні бөлімі, «Әлем» эстрадалық би ансамблі. Астана болып енді-енді қалыптасып келе жатқанда салтанатты жиындардың дені осы ғимараттың қабырғасында (бұрынғы Конгресс-холл) дүркін-дүркін өтіп жататын. Тарихи маңызы бар орын десек, артық айтқандық емес. Былтырғы жағдай қай жағынан болсын оңайға соққан жоқ, осындай сын сағатта біз де қарап қалмадық. Көптеген онлайн-концерт ұйымдастырып, оған да үйреністік. Жаз уағында айдынды Есілді пароходпен бойлай жүзіп, думанды концерт өткіздік. Жағадан, балконнан тамашалаған ел-жұрттың ыстық ықыласына куә болып, қызықты сәттерді бірге бастан кешірдік. Сондай-ақ Тұңғыш Президент – Елбасы күніне орай «Бағаналы ордам – басты ордам» атты түсірілім концерті еліміздің бас арналарынан берілді. «Тәуелсіздік – тұғырым» атты онлайн әзірленген концертімізді де көрермен қауым жылы қабылдады. Камералық хор мен симфониялық оркестрдің қосылуымен жаңа жылдық концертімізбен биылғы жылдың әдемі нүктесін қойғымыз келеді.
– Шығармашылық ізденіс аясы туралы айтып өттіңіз, осы орайда халық жадында сақталған маңызды, ауқымды жобалар жайына да тоқталып өтсеңіз.
– Қазақтың бас ақыны Абай атамыздың 175 жылдығына орай Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастауымен эстафетаны қолға алып, 700 адамның басын біріктіріп, үлкен сахнада «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқадық. Мұндай игі бастаманы еліміздегі және ресейлік филармонияларға жолдадық. Қазір де «Абай алдында» атты үлкен жобаның дайындық жұмыстарын пысықтап жатырмыз. Енді жағдай түзеліп жатса, көрерменмен жүзбе-жүз дидарласып, жыл басында өткізуді жоспарлап отырмыз. Жалпы, ізденіс жұмыстары тоқтаған емес, сондықтан көрермен қауымнан жаңалықтарымыздан көз жазып қалмауын сұраймыз. Жаңалық ізденістен туады. Поэзия мен музыканы жарасымды ете отырып, хакімнің парасатты ой-толғанысын қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып, ел назарына ұсынсақ дейміз.
– Алашқа Әсет, Шашубай, Манарбек, Күләш сынды өнер саңлақтарын сыйлаған Ақтоғай өңірінің орны айрықша. Әншілік, күйшілік мұрамыздың көкжиeгiн кeңeйтугe жaсaлғaн iзгi қaдaмдар жөнінде айта отырсаңыз.
– Арқаның айшықты Ақтоғайы – Алаштың арда азаматтары Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев сынды ұлылардың мектебі. Шынында да, бізде ән салмайтын қазақ жоқ, өзіміз де бала кезімізден ән мен күйге талпынып, оның ішінде домбыраға деген қызығушылығым ерекше болды. «Әй, балам, жай отырмай әкеңнен домбыра үйренсеңші», деген шешемнің бір ауыз сөзі көңіліме қанат бітірді. Жыр-терме айтып жүрдік, бірте-бірте дәстүрлі ән, эстрада жағына ден қоя бастадым. Ақмолаға енді келген кезім еді, маңайдың бәрі орысшалау. Жүзі бөлек болса да, жүрегі бір жандар арамызда көп қой. Бірде режиссер Елена Высоцкая есімді замандасымыз «Сенің дауысың бар, ән айт» деп қолқалап жүріп, Таразда өтетін Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық конкурсқа жіберді. Бұл 1996 жылы болатын. Сондағы керемет әншілердің арасынан қалыс қалмай, біз де дипломат атандық. Сол кезде Алтынбек Қоразбаев ағамыз шынайы жанашырлық лебізін білдіріп, арқамнан қаққаны бар. Сол шақтардан бері ұлттық мәдениетіміздің дәpіптeлуi мeн нacихaтын биік бeлeскe көтepу жолында еңбектеніп келе жатқан жайымыз бар. Елбасының игі бастамаларының арқасында өтіп жатқан беделді шараларды ұйымдастыру жұмысына да атсалыса жүріп, бай тәжірибе жинадық. Халықаралық деңгейдегі театрлар фестивалі, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі тұсында да бірқатар жобаны атқаруға үлес қостық.
– Елордалық филармонияның мақтанышына айналған солистерден кімдерді атар едіңіз?
– Негізінен жастарды қолдауға, оларға бағыт-бағдар беруге назар аударып жатырмыз. Қазақстанның көрнекті музыка қайраткерлері Нұржамал Үсенбаева, Майра Илиясова, Ернар Мынтаев, Айтқали Жайымов, Айгүл Қосанова, Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, Алтынай Жорабаева, Гүлзира Бөкейхан, Нұрай Танабаев, Арайлым Рахымқызы, Күнсұлу Тұрлыбекова сынды өнер майталмандары филармония қабырғасында еңбек етіп келеді. Жастар – кемел келешегіміздің тірегі десек, Рүстем Жүгінісов, Данияр Мұқанов, Өзгеріс Шерікбай сынды талантты жастар қатарымызға қосылып жатқаны көңіл қуантады. Әншінің өнерін өрістетін нәрсе толыққанды еркіндік пен алаңсыз дайындық болса керек. Сондықтан осындағы әр өнер адамының жағдайын қолдан келгенше жасап, жан-жақты қолдау көрсетілуі үшін барымызды саламыз.
– Филармонияның әлеуметтік әлсіз топтарға арналған көптеген қайырымдылық шара өткізіп жүргенінен хабарымыз бар. Соның ішінде әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ескеру қалай жүзеге асырылады?
– Жыл сайын Қарттар үйінде, Балалар үйінде, балаларды оңалту орталықтарында, емханаларда және түзеу мекемелерінде концерт беріп келеміз. Филармонияда зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін кіруге рұқсат етіледі. Біздің ұжымның басты қасиеті ауызбіршілігі мықты, қандай жағдай болса да бірге бас қосып, ізгілікті бастамаларға ұйытқы болып жүреді. Карантин кезінде де ерікті түрде көп көмек көрсетілді. Ал әйелдер рөлін аттыру мен олардың тең құқығын қарастыру үнемі назарымыздан қалыс қалған емес. Филармония қабырғасында қызмет етіп келе жатқан әйелдер қауымы біздің ұжымның қозғаушы күші деп айта аламын.
– Өнерсүйер жұртшылықты қуантар жаңалықтарыңызбен бөлісіп, келешек жоспарлар ретін айтып өтсеңіз.
– Халықаралық шығармашылық ынтымақтастық бағытында да атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. 2019 жылдың қыркүйек айында «Әлемдік қалалар фестивалінде» тарихымызда алғаш рет елордалық симфониялық оркестр өнер көрсетті. Еліміздің айшықты мерекелері назарымыздан ешуақытта тыс қалған емес. Биылғы ең басты мерекеміз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына байланысты дайындық жұмыстарын бастап кеттік. Мәдениет және спорт министрлігімен біріге отырып, Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, өнер көрсетуді мақсат етіп отырмыз. Тәуелсіздік – қазаққа оңай келе салған дүние емес, қастерлі, қадірлі күн. Жыл сайын мейрамға қызу дайындық жасалады, биыл да әзірлігіміз ерекше.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен
Ая ӨМІРТАЙ,
«Egemen Qazaqstan»
Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясында «Тәуелсіздік таңындағы патриоттық әндер» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Іс-шара барысында Тәуелсіз Қазақстан жылдарында дүниеге келген патриоттық әндердің мәселесі көтерілді. Бұрынғы композиторлардың әндерімен салыстыра келе, екі дәуірде шыққан әндердің тыңдарман құлағына сіңімдісі сараланды.
Аталған тақырыпқа қатысты пікір білдіруге ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Парасат», «Құрмет» орденінің иегері – Майра Ильясова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет»орденінің иегері – Алтынай Жорабаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі – Бағдат Сәмидинова, Құрмет орденінің иегері Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, айтыскер ақын, сазгер – Серікзат Дүйсенғазин, Қазақстан жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры – Дәулеткерей Кәпұлы, әнші-сазгер, актер, ақын, драматург – Қанат Жүнісов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, композитор – Медет Салықов, «Қазақ радиолары» ЖШС директоры – Ернұр Бурахан, «Қазақ радиолары» ЖШС Стратегиялық дамыту қызметінің жетекшісі – Мұхамедияр Рашай т.б сынды қонақтар қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Қазіргі таңдағы өзекті мәселені қолға алып, қазақ өнерінің жанашырларын бір арнаға тоғыстырып, еліне деген патриоттық сезімі арқылы өнерпаздардың санасын рухани құндылыққа толтырған жоба ұйымдастырушысының алғысөзі жас ұрпақтың санасын оятары сөзсіз.
«Бүгінгі жиынның мақсаты – Тәуелсіздік жылдарында шыққан патриоттық әндерді жас ұрпақ құлағына сіңіру, насихат жолын қарастыру. Елін сүйетін ұрпақты тәрбиелеу. «Тәуелсіздік таңындағы патриоттық әндер» мәселесі көптің көкейінде жүрген сұрақтардың бірі. Жас ұрпақтың дүниетанымына, және өнегелі дамуына ықпал ететін елдердің, халықтардың тарихын өнерімен байланыстыру, әлемді тұтастай көркем бейнеде көруге мүмкіндік береді. Өнердің жарқын эмоциялық сезім тудыратыны жасыратын емес. Ол көңіл күйге әсер етеді. Әлеуметтік, патриоттық сезімге, ізгілікке, сонымен қатар қарапайымдылыққа, борыш, құрмет сияқты сезімдерге тәрбиелейді. Қоршаған ортада әсемдікке деген қарым-қатынас қалыптастырады. Музыка өнерінің анағұрлым кең тараған түрі — ән орындау өнері. Ол ел тарихының ғана емес, белгілі тұлғалардың өмір жолдарының куәгері, әрі қатысушысы. Ән халықтың жаны ғана емес, оның өмірлік айнасына айналғаны ақиқат. Еліміз егемендігін алғаннан кейін де патриоттық әндердің рөлі өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Патриоттық әндер үлкен күшке ие. Ол адамның рухын оятып, ерлікке жетелейді. Жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілігін ұялатады», – деді Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының директоры.
Дөңгелек үстелде жиналғандар арасында тиянақты ой мен парасаттылықты ұштастастыра отырып, қазіргі таңдағы қазақ өнеріндегі, соның ішінде қазақ композиторларына қатысты сыни пікірді жүйелі жеткізген тұлғалар сөзі бүгінгінің шындығына айналуда.
«Біз тыңдарманның деңгейін өзіміз түсіріп алдық. Туындылардың сапасы төмен. Жеңіл болсын, түсінікті болсын деген мақсатта мәтін жазатындар ән іздейді, орындаушылар сөз іздейді. Қазақтың әндерін жазған кезде қазақ композиторлары тыңдарман деңгейіне төмен қарайтын болды. Халық түсінбей қалады. Біз халыққа түсінікті етіп жазуымыз қажет. Тыңдаушының қабылдау өресі әрқилы. Не себепті кез келген ақын, кез келген композитор биігін ұстап тұрып, керісінше тыңдарманды өзіне тартуы керек. Біз осы тұрғыдан ақсап жатырмыз. Өйткені қоғам кітап оқудан қалып, көркем әдебиет насихатталмағаннан соң біздің ойлау жүйемізде көркемдік төмендейді. Қазіргі таңда тек ауызекі тілде мәтін жазылып кетті. Ол үлкен қасіретке әкеліп соғады», – деді Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы.
Ұйымдастырылған шараға қатысқан қазақ эстрадасындағы әншілердің саз әлеміне, сөз өнеріне бейжай қарамайтыны байқалды.
«Бүгінгі мәселе дер кезінде қолға алынып жатыр. Негізінде патриоттық әндер жоқтың қасы. Ақындар мен әншілердің қарым-қатынасы аз. Патриоттық әндерге келер болсақ, Латиф Хамидің «Отан» әні, Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» әні, Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекені» әндерінің қайсысы болса да мәнді, мағыналы. Қазір патриоттық әндер жазатын композиторлар саусақпен санарлық»,- деген ой білдірді «Құрмет» орденінің иегері Майра Ильясова.
«Көш жүре келе түзеледі». Қазіргі таңда сазгерлердің арқасында жазылған патриоттық әндер жоқ емес. Дегенмен де әскери әндерді көбейту керек деген ой білдіргім келеді. Келесі мәселе, балаларға арналған патриоттық әндер неге аз? 4-5 нотадан тұратын ән оңай сияқты көрінгенмен оларға ән жазу қиынырақ. Себебі, баланың тазалығына, баланың жан дүниесін сезіп ән жазу қиын жағдай. Олардың аппақ көңілмен шырқайтын әндеріне жауапкершілікпен қарауымыз керек», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Медет Салықов.
Жиынға қатысып, өз ойын ашық білдірген айтыскер ақын, сазгер Серікзат Дүйсенғазин осы сынды тақырыптағы дөңгелек үстелдерге Ақпарат министрлігі мен Мәдениет министрлігінің өкілдерін қатыстыру керектігін және олардың қазақ әндеріне қатысты мәселелерге бейжай қарамауын атап өтті.
Шараға жиналғандар алдағы таңда қозғалған тақырыпты одан ары дамытып, қазақ ән өнеріндегі қателіктерді ескеріп, осы сынды жиындарды жиі ұйымдастырамыз деп уағдаласты.
2020 жылдың 20 қазаны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің «Ұмытылмас әндер» атты маусымашар онлайн концерті өтті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz
Концерттің мақсаты әрқайсысы бір төбе болатын, арттарынан өшпес із қалдырған осындай ұлы тұлғаларымыздың шығармаларын насихаттап, кейінгі ұрпаққа жеткізу болғаны сөзсіз. Өз замандарының дүлдүлдеріне айналған, кейінгі ұрпақтың жүрегінен әсем әуезді әндерімен орын алған, біртуар тұлғалар: Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әбілахат Еспаев, Еркеғали Рахмадиев, Кеңес Дүйсекеев, Ескендір Хасанғалиев сынды композиторлардың туындылары жанды дауыста шырқалып, төбемізде ән қалықтады.
Жанды дауыста шырқалатын онлайн концертте ұлт өнерінің тарихи саңлақтарының ұмытылмас әндерін тыңдалып, көрермендер әсем әнмен сусындады!
Елорда филармониясы ұлы тұлғаларды ұлықтап, атаулы мерекелерді дәріптейтін онлайн кештерді өткізуді жалғастыратын болады. Жұбан Молдағалиев (1920-1988) - ірі эпик ақын, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы 1920 жылы Орал облысының (қазіргі Батыс Қазақстан обл.) Тайпақ ауданы, Жыланды деген жерде дүниеге келді. Жетіжылдық мектепте, Орал ауыл шаруашылығы техникумында, әскери-саяси курстарда білім алды. 1940-1947 жылдары әскер қатарында болып, соғысқа қатысты. Тұңғыш өлеңдер жинағы Жеңіс жырлары атымен жарық көрді. Соғыстан кейін баспасөзде, Қазақстан Жазушылар Одағында басшылық қызмет атқарды. КСРО Министрлер Кеңесінің Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі коллегиясының мүшесі болды. Алғаш 1939 жылы газет бетіне басылған өлеңінен бергі жылдар ішінде алпыстан астам кітабы жарық көрді. «Кісен ашқан», «Қыран дала», «Сел», «Мен – қазақпын» поэмалары үшін ең жоғарғы Мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды. Шығармалары ағылшын, неміс, француз, поляк, испан, венгр, араб, монгол тілдеріне аударылған. 1986 жылы Жазушылар одағында Г.В.Колбинмен өткен кездесуде басын қатерге тіге отырып, жастар қозғалысын қолдады. Ақын қазақ халқының тарихы туралы «Мен – қазақпын» атты толғауында халқының атынан мінбеге шығып сөйлей отырып, тарихи шындықты, халықтың эпикалық өмірін кестеледі. Сан түрлі тақырыптағы лирикалық шығармаларында туған жер, Отан, өз ұлтына деген сүйіспеншілік, қазақ тілі, оның тағдыры, ана, әйел, махаббат, соғыс және бейбітшілік, замандастар бейнесін арқау етті.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/zhuban-moldagalievtyn-tuganyna-100-zhyl-elordalyk-filarmoniya-onlayn-kesh-otkizdi_a3707398
Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Інжу-маржан» атты дәстүрлі маусымашар кеші өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Кеште ғасырлар бойы сақталып келе жатқан халқымыздың музыка мұрасы насихатталып, қазақ жанының ғасырлар көшінде шаң баспаған сырлы айнасына айналған әндері шырқалды.
Қазақтың жаны мен бітім болмысынан жаралған өнер кешінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері Алтынай Жорабаева, Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері Айгүл Қосанова, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары Айнұр Қонысбаева, Перизат Тұрарова, Жақсыгелді Маясаров, Мәдениет саласының үздігі Секен Сыздық, белгілі әнші Сәулежан Тағзия, талантты жас әнші Өзгеріс Шерікбай сынды өнер иелерімен бірге «Қорқыт» этно ансамблі және «Шалқыма» халық би ансамблі өнер көрсетті.
2020 жылдың 25 маусым және 3-4 шілде күндері 18:00-де Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен
қала күніне арналған «ҚҰТТЫҚTIMES ASTANA» мерекелік концерті өтеді. Мейрамды
өзгеше форматта атап өту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік
академиялық филармониясы қайталанбас концерттік бағдарламаны ұсынып отыр. Осыған
сәйкес артистер үш күн бойы екі қабатты автобуспен елорда көшелерін аралап, Есіл
жағалауындағы кеме үстінде жүзіп тұрғындар мен қала қонақтарын естен кетпес
әсерге бөлейтін болады.
Мұндай форматтағы жайдарлы кешті Симфониялық оркестр Э.
Элгардың «Salut d'amour», А. Дворжактың «Юмореска», Франц Шуберттің «Серенада»,
И. Брамстың «Вальс» атты классикалық композицияларымен және Карлос Гардельдің
«Запах женщины» фильміндегі тангосымен ашпақ.
Осы күндер аралығында мерекелік концертке сәйкес Үрлемелі
оркестрдің орындауындағы Нат Макинтоштың «New blood», «Weather Report» тобының «Birdland», Пол Кларктың «Dance like no one's
watching», т.б. сияқты әндер шырқалады. Екі қабатты автобус Нұр-Сұлтан
көшелерін аралай отыра, халыққа мерекелік көңіл-күй сыйламақ.
Ал кеме үстінде өтетін концертте ҚР Еңбек сіңірген
қайраткері Естай Мұқашев; Мәдениет саласының үздіктері: Күнсұлу Тұрлыбекова,
Арайлым Рахым; Халықаралық байқаулардың лауреаттары: Көркем Шолошова, Алтынбек
Әбілда, Бибігүл Тыныштық, Жақсыгелді Маясаров, Саулежан Тақзия, Айдын Жұмабай,
Ақбота Құснадин, Әкімхан Маженов, Дәстүр Асылхан, Дихан Ильяшев, Диана Май; Мемлекеттік
«Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Нұрбол Балапанов; әнші «Дос»; «Қазақстан
дауысы» ІІІ тележобасының жеңімпазы Мұратбек Хайролда; «Жұлдыз-2019» Гран при
иегері Бахтияр Ақылбек өнер көрсетеді. Осылайша олар мәртебелі музыка тыңдармандарын
шоқтығы биік шығармалармен және танымал әншілердің әсем әндерімен сусындатпақ.
Көк аспанның астында музыканттар кәсіби шеберліктерін
шыңдай отыра, Елорда күнін одан сайын шырайландыра түсетіндері сөзсіз.
25/06/2020
Толығырақ1 маусым күні сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Халықараралық балаларды қорғау күніне орай өзінің кішкентай көрермендеріне онлайн-концертті тарту етті.
Кеш бағдарламасына сай астаналық филармонияның бірнеше ұжымдары кәсіби композиторлар жазған балалардың сүйікті музыкаларын орындады. Концерттің ерекше сипаты ретінде Үрмелі оркестрдің "Оскар" номинациясына ие "Toy story" мультфильміндегі музыканы және әйгілі "Буратино" балалар фильмінің түпнұсқалық диксилендін ойнап беруін айтуға болады.
Классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің солистері елімізге танымал "Крылатые качели", "Серенада Трубадура", "Ничего на свете больше нету", т.б. әндерді шырқап берді.
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің кавалері Айтқали Жайымовтың басқаруымен Қазақ оркестрі отандық авторлардың заманауи музыкаларын (Е. Иманбаевтың "Әлди әуен", Ш. Қорғанбектің "Бала махаббаты") орындады. Симфониялық оркестрдің өнерпаздары көрермендер алында "Моана" мультфильмінің саундтрегін шырқаса, Дәстүрлі халық әні бөлімінің солистері "Бесік жырымен" тамсандырған. Сондай-ақ, Лаура Мукаеваның жетекшілігімен "Әлем" эстрадалық би ансамблі кештің көркін асыра түсті.
Көрермен қауым концерт залдары есіктерінің қайта ашылуын, залдың көрерменге лық толып, сахнада керемет музыка орындалғанын, әртістердің өнер көрсетуінен кейін «Тамаша!», «Жарайсыңдар!» деп ду қол шапалақ соғатын сәтті тағатсыз күтіп жүр. Қазір сахнада әуен естіледі, бірақ залда әзірге көрермен жоқ. Тек онлайн көрсетілімдер өтіп жатыр.
30 мамыр күні астаналық филармонияның үрлемелі оркестрінің концерті өтті. 2001 жылы құрылған, астананың бірде-бір маңызды іс-шарасы осы ұжымсыз өтпейтін үлкен музыкалық ұжым шағын құраммен өнер көрсетті. Ол – Dixiland Big band тобы. Үрлемелі оркестрдің концертіне көрермен ерекше ықыласпен келеді. Өйткені ұжым репертуарында қызықты бағдарламалар бар. Олар «Музыка кино», «Музыка Нового Света», Soundtrack, JazzTime, «Планета Голливуд», «Легенды рока» және т.б. Dixiland Big band онлайн концертінің бағдарламасы да қызықты болды. Кеште танымал джаз шығармалары, үрлемелі оркестрге өңделген белгілі әндер орындалды. Онлайн концертте атақты Weather Report тобының репертуарындағы Birdland джаз-аспаптық әні шырқалды. 1977 жылы шыққан джаз фьюжн ерекше коммерциялық табысқа қол жеткізді және джаз үлгісіне айналды. Бұл композиция радио мен теледидарда хит болды. Бір қызығы, Birdland әнінің өзі «Грэмми» сыйлығын алмаған. Бірақ кейіннен көптеген әртістің репертуарына еніп, оның нұсқалары осы сыйлықпен үш рет марапатталды. Нью-Йорктағы Birdland джаз клубы Birdland «Құс» лақап атымен танылған джаз саксафоншысы Чарли Паркердің құрметіне аталған.
Сондай-ақ ресейлік орындаушы Антон Игумновтің Astronomia атты композициясы орындалды. Astronomia композициясы 2010 жылы шығарылды. Ал 2020 жылдың ақпан айында осы композицияның ремиксі жергілікті дәстүрге сәйкес, жерлеу рәсімі кезінде Ганалық билеп жүріп табыт көтергендер арқылы танымал болды. Онлайн концерт америкалық композитор Говард Роудың Calipso bob туындысымен, британдық Adele репертуарынан Hello әнінің аспапты нұсқасымен, Paul Clark Dance like no one’s watching, Robert W. Smith Can You Feel the beat шығармаларымен жалғасын тапты. Концерт соңында Диксиленд Бэнд америкалық композитор Stevie Wonder Medley туындасын орындады. Stevie Wonder – XX ғасыр музыкасының дамуына үлкен ықпал еткен әлемдегі ең танымал әншілердің бірі, соул-әнші, пианиношы, қоғам қайраткері. Музыкант-мультиаспапшы Стиви Уандер 2 000-нан астам ән жазып, «Грэммидің» 25 сыйлығын алып, рекорд жасаған.
Әрине, зал көрерменге толы болса, тыңдаушылардың көңілі көтеріліп, ду қол шапалақ соғып отырары сөзсіз еді.
Дене қимылдарымен, сергіту сәтімен басталған таңғы жаттығу қызықты ойындарға жалғасты.
Салауатты өмір салты - бала болашағының жарқын кепілі. Ансамбль артистері (бишілер) кішкентай достарына спорттың маңызын, өміріміздегі орны бөлек қағида екенін ұғындырып қана қоймай, мереке қарсаңында жатақхана алаңын балалардың риясыз күлкісі мен қуанышына бөледі.
Дене жаттығулары саулық пен сымбаттылықтың кепілі болса, түрлі ойындар ой қабілеті мен көрегендікке, ақылдың дамуына апаратыны баршаға белгілі. Филармония артистері балалық шаққа саяхат жасап, бүлдіршіндермен ойындар ойнап, жағымды энергетикаларымен іні-қарындастарын баурап алды.
Балапандардың ризашылығы шексіз. Қазақтың бас ақыны Абай «адамның бір қызығы - бала...» дейді бір өлеңінде. Өміріміз ұрпағымызбен мәнді, ел болашағы да - балалар. Мереке қарсаңында кішкентай достарына шаттық сыйлап, сыйлықтар үлестіріп, бал дәурен бақыттың ұшқынын сыйлаған өнерпаздарымыздың игі бастамасы - ізгіліктің бастауы деп білеміз.
Жазықсыз құрбан болғандарға құрмет көрсету үшін Қуат Ежембек Естеу Нүсіпбековтің «Қуғын-сүргін құрбандарының кесенесінде» өлеңін оқыды. Зобалаң уақыт құрбандарын еске алу барысында елордалық филармонияның бас директоры Ерлан Дакенов саяси қуғын-сүргін жылдарының тарихтың қайғылы беттері болғанын атап өтті.
«Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні − ел тарихындағы ерекше күн. Біз қатігез тоталитарлық жүйеден зардап шеккен адамдарды, ұлттық интеллигенцияның өкілдері - жазықсыз қаза тапқан Әлихан Бөкейханов, Ілияс Жансүгіров, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин және т.б. құрбандарды мәңгі есте сақтауымыз керек», - деді ол.
Ерлан Дакенов біздің халқымыздың басына түскен барлық қиындықтарға қарамастан, қазақстандықтардың қонақжай екенін атап өтті.
«Біздің жеріміз, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген халықтар үшін құтты мекенге айналды. Біз тарихымыздың қайғылы беттерін еске түсіре отырып, тәуелсіз Қазақстанның болашағын жасай аламыз. Мәңгілік тыныштық болсын!», - деп толықтырды.
Карантинге байланысты көптеген мәдени шаралар көпшілікпен бір алаңда тойланбаса да, заманауи технологиялардың көмегімен онлайн түрде көрмендері мен тыңдармандарына тарту етілуде. Салтанатты кеште филармония ұжымы барша үзеңгілес әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, жырдан шашу шашты.
– Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс, өнер. Сондықтан өнер мен мәдениет – егіз ұғым. Бүгінде мәдениет қызметкерлері – айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман шебері ретінде өнерге берілген азаматтар. Мерекеге орай өткізген думанды кешімізді барша қазақстандықтарға арнаймыз, – деді ансамблтдің көркемдік жетекшісі Тоғжан Жахин.
Кеште Құрманғазының «Балбырауыны» асқақтап, Н. Тлендиевтің «Аққуы» мамырлады. Сонымен бірге Ш. Қалдаяқовтың «Студенттер әні», К. Күмісбаевтің «Биші қайыңы», Ә.Бейсеуовтің «Шақырады Көктем» әні шырқалып, әнсүйер қауымның көңіліне қанат бітірді.
Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ең сенімді валюта – адамның еңбегі, мұны есте сақтау керек» деген болатын. Тарихымыздың өткені мен бүгінін сабақтастыра біліп, келешекке рухани-мәдени мұрамызды жеткізіп, одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп жүрген ортаның бірі – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы. Мәдени ошақ 11 бағыттағы шығармашылық топты қамтиды. Қазақ оркестрі, симфониялық оркестр, үрмелі оркестр, ішекті квартет, камералық хор, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі , «Шалқыма» халық би ансамблі, 75 шығарманы үзіліссіз орындап, «Гинннес»рекорттар кітабына енген – «Қорқыт» этно-ансамблі, классикалық және эстрадалық вокал бөлімі, дәстүрлі халық әні бөлімі, «Әлем» эстрадалық би ансамблі елімізге танымал өнер майталмандарынан құралған.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы «Ел іші – өнер кеніші» мерекелік онлайн концертін өткізді. Филармония ұжымы барша үзеңгілес әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, өз өнерлерін тарту етті.
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні – туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандарды біріктірген шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі, әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн.
Өнер мен мәдениет – егіз ұғым. Тарихымыздың өткені мен бүгінін сабақтастыра біліп, келешекке рухани-мәдени мұрамызды жеткізіп, одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп жүрген ортаның бірі – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы. Мәдени ошақ 11 бағыттағы шығармашылық топты қамтиды. Қазақ оркестрі, симфониялық оркестр, үрмелі оркестр, ішекті квартет, камералық хор, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі , «Шалқыма» халық би ансамблі, 75 шығарманы үзіліссіз орындап, «Гинннестің рекорттар кітабына енген – «Қорқыт» этно-ансамблі, классикалық және эстрадалық вокал бөлімі, дәстүрлі халық әні бөлімі, «Әлем» эстрадалық би ансамблінде елімізге танымал өнер майталмандары қызмет етеді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы, қазақстандықтарды айлардың сұлтаны саналатын Рамазан айының келуімен құттықтады, деп хабарлады aikyn.kz порталы.
«Жақсылық пен мейірім, жылулық пен сабырлылық – адам баласының ең жоғары, ең бағалы асыл қасиеттері. Көркем мінез қалыптастырып, жүректі тазартатын қасиетті айда ел ниеті мен тілегі қабыл болғай. Жаман індеттен тезірек құтылып, бір-бірімізбен аман-есен жүздесуге жазсын. Рамазан айы баршамызға берілген үлкен мүмкіндік деп білеміз. Халқымыз үшін, жер бетіндегі барша адамзат үшін тілек-дұғамызды жаудырайық. Алланың бізге берген сыйы – жеріміз мың сан қауіп-қатерден аман болып, әр күніміз үмітпен, жақсылықпен жарқырап ата берсін! Қасиетті Рамазан айында елімізде құт-береке, қуаныш орнасын. Осынау ұлы мерекемен баршаңызды құттықтай отырып, елорда филармониясының «Қорқыт» этно ансамблінің бейнеролигін жолдаймыз. Қабыл алыңыздар, әлемді жақсылық пен мейірім билесін…»
Ансамбль құрамындағы әртістер қобыз, қыл қобыз, нарқобыз, домбыра, сырнай, мүйіз сырнай, шаңқобыз, жетіген, шертер, дауылпаз, саз сырнай, бас домбыра, сыбызғы, су ағаш, тоқылдақ және тағы басқа қазақ халық аспаптарында ойнайды. Ұжымның көркемдік жетекшісі, мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек: «Бұл кавер қазақтың дәстүрлі аспаптарының поп-арт өнерімен үйлесімділігінде бірегей болады» деп атап өтті.
Шолпан Қорғанбектің айтуынша, «Yesterday» әні қазақстандықтардың сүйікті әні және оны осындай ерекше орындауда тыңдау өте қызықты болады. Ұжым жетекшісі көркемдік міндеттерден басқа, түскен қаражат денсаулық сақтау жүйесіне – пандемиямен тікелей күресетін адамдарға көмекке жұмсалатынын және әйгілі британ музыканты Пол Маккартнидің ауқымды қайырымдылық акцияларын қолдайтынын атап өтті:
– Біз де ортақ іске өз үлесімізді қосамыз. Музыка осы бір қиын кезеңде бәрімізді біріктіреді және бізге үміт береді, – деп бөлісті Шолпан Қорғанбек.
Еске сала кетейік, көктемде «Қорқыт» ансамблі 75 шығарманы үзіліссіз орындап, Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына енген болатын.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы симфониялық оркестрінің кезекті композициясы дәрігерлерге арналған: музыканттар әлемнің барлық медицина қызметкерлеріне Леонард Коэннің "Hallelujah" әнін арнады.
Симфониялық оркестр әртістері мен әртүрлі елдердің орындаушылары скрипка, виолончель, фортепиано, гобой, флейта, фагот, валторна, контрабас және басқа да музыкалық аспаптарда атақты әуенді ойнады: кавер осылайша күтпеген ерекше музыкалық түске боялды.
Музыкалық арнау жазбасына «біздің Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Үндістан, Нидерланды, Украина, Қытай, Франция, Италиядағы музыкант-достарымыз қатысты», - деп атап өтті елордалық филармонияның музыканттары. Акцияны виолончельші Готье Герман және оның отбасы (Франция), флейташы Ли Зи-Енг (Оңтүстік Корея), скрипкашы Джианг Ти (Қытай), кларнетші Бахтияр Дооранов (Қырғызстан), валторнашы Ханс ван дер Зинден (Нидерланды), контрабаста ойнаушы Джиакомо Банелла (Италия), скрипкашы және виолончельші Рису Висак, қазақстандық отандасымыздың студенті Кенжегүл Акшекина (Үндістан), фаготист Алексей Емельянов (Украина), фаготист Алексей Емельянов (Украина) және т.б. қуана қолдады.
Осылайша, музыканттар науқастар палатасында ұйқысыз түндер өткізіп, күні-түні ауыр ауыртпалықты көтеріп, COVID 19-бен күресте алдыңғы қатарда тұрған барлық азаматтарға үлкен алғыстарын білдірді және «Біз біргеміз!» бірегей науқанының қатысушылары «Сіздің еңбегіңіз баға жетпес», – деп үн қосты.
Бейне жазба әртістердің дәрігерлер атына әр тілде жазылған шынайы сөздерінің арқасында ерекше әсерлі болды, пандемиямен жалпы күрес адамдарды біріктірді. Осы бір қиын кезеңде тек бір-біріне деген сүйіспеншілік пен көмек беру арқылы ғана жеңіске жетуге болады – бұл әлем музыканттарының басты сәлемі. Елордалық филармония ұжымы ақ халатты абзал жандарға өз алғысын білдіріп, оларға зор денсаулық, күш-жігер және батылдық тілейді!
Жаңа әннің мәтінін Қуат Ежембек, музыкасын Мәдениет қайраткері, «Қорқыт» этно ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек жазған. Қуат Ежембек бұл туындысымен науқастар палатасында ұйқысыз түндер өткізіп, бастарын қатерге тігіп жүрген жандарға ризашылығы мен алғысын білдірген екен. Әннің авторы Шолпан Қорғанбек те аталмыш оқиғадан қатты әсер алып, эмоционалдық ықыласы мен сезімін музыкамен жеткізуге тырысқанын айтты. Әнде дәрігерлердің батылдығы мен ерліктері һәм қазақстандықтардың бұл сынақтан да өтіп, өздеріне құнды сабақ беретіні туралы баяндалады.
«Дәрігерлер» әнін жазуға Қазақстанның және Татарстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Жорабаева, Естай Мұқашев, Бибігүл Жанұзақ, халықаралық байқаулардың лауреаты А.Құснадин ат салысқан.
Елордалық филармонияның әртістері Қазақстанның және Татарстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, Мәдениет қайраткерлері Естай Мұқашев, Бибігүл Жанұзақ, халықаралық байқаулардың лауреаты Ақбота Құснадин ақ халаты абзал жандарға ән арнады, деп хабарлайды Елорда Инфо.Короновируспен алдыңғы қатарда күресуде өз уақытын өз-өзіне немесе жақындары мен туыстарына емес, науқастарға арнай отырып, үлкен ерлік пен батылдық танытқан қазақстандық дәрігерлер де болды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері ақ халатты абзал жандардың ерлігін жырлап «Дәрігерлер» әнін жазды және оны дәрігерлерге арнады.
Жаңа әннің мәтінін Қуат Ежембек, музыкасын Мәдениет қайраткері, «Қорқыт» этно ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек жазды. Қуат Ежембек осы шығармашылығы арқылы науқастар палатасында ұйқысыз түндер өткізіп, ауыр ауыртпалықты күні-түні аянбай көтеріп жүрген жандарға ризашылығы мен алғысын білдірді. Шолпан Қорғанбек те бұл оқиғаның өзінің эмоционалдық ықыласы мен сезімін музыкаға білдіру ниетіне себеп болғанын айтты.
Әнде дәрігерлердің батылдығы, олардың ерліктері және қазақстандықтардың бұл сынақтан өтіп, өздеріне құнды сабақ беретіні туралы айтылады. «Дәрігерлер» әнін жазуға Қазақстанның және Татарстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, Мәдениет қайраткерлері Естай Мұқашев, Бибігүл Жанұзақ, халықаралық байқаулардың лауреаты Ақбота Құснадин атсалысты. Елордалық филармония ұжымы қазақстандық дәрігерлерге алғысын білдіріп, оларға зор денсаулық және күш-жігер мен ерлік тілейді.
«Қазақстандық дәрігерлер короновируспен алдыңғы қатарда күресуде уақытын өзіне немесе жақындарына емес, науқастарға арнай отырып, үлкен ерлік пен батылдық танытты. Жаңа әннің мәтінін Қуат Ежембек, музыкасын мәдениет қайраткері, «Қорқыт» этно ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек жазды. Қуат Ежембек осы шығармашылығы арқылы науқастар палатасында ұйқысыз түндер өткізіп, ауыр ауыртпалықты күні-түні аянбай көтеріп жүрген жандарға ризашылығы мен алғысын білдірді. Шолпан Қорғанбек оқиғаға байланысты эмоциясын музыкаға айналдырды», - деп хабарлайды филармонияның баспасөз қызметінен. Әнде дәрігерлердің батылдығы, олардың ерліктері және қазақстандықтардың бұл сынақтан өтіп, өздеріне құнды сабақ беретіні туралы айтылады.
«Дәрігерлер» әнін жазуға Қазақстанның және Татарстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, Мәдениет қайраткерлері Естай Мұқашев, халықаралық байқаулардың лауреаты Ақбота Құснадин атсалысты. «Елордалық филармония ұжымы қазақстандық дәрігерлерге алғысын білдіріп, оларға зор денсаулық және күш-жігер мен ерлік тілейді!» - деп сәлем жолдады дәрігерлерге филармония ұжымы.
Аталмыш туындыларды симфониялық оркестрдің музыканттары, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Мирас Есмұхан, Салтанат Орынбаева, Қалқаман Дүйсембаев, Әлихан Жиганшин, Ильмира Ардашева, Айша Сырымбаева, Гүлназ Жолданова орындап, әлеуметтік желіде көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Естеріңізге сала кетсек, Елорда филармониясының симфониялық оркестрі музыка өнерінің кемеңгері, ұлы тұлға П.И.Чайковский атындағы Халықаралық фестивалін өткізбек ниетте болатын. Бірақ, жер-жаһандағы және елдегі төтенше жағдайға байланысты кейінге шегерілген-тін. Дегенмен филармония ұжымы халықтың еңсесін көтеру мақсатында, мұндай ізгі істі қолға алып, өзінің дайындығын тағы бір пысықтап алды.
Иә, адамзат тарихындағы музыка данышпаны, мәңгілік мұрасымен өшпес із қалдырған классик П.И.Чайковский фестивалінде бейбіт күнде жолығатынымызға кәміл сенеміз.
Шығармашылық ұжым #BizBirgemiz республикалық акциясын қолдап, қазақстандықтардың амандығына жасалып жатқан, қауіпті індетке қарсы қолға алынған шараларға барынша үлес қосуда. Іспен үлгі болып, өнермен халықтың рухына дем беріп келеді. Соның айқын көрінісі – филармония әртістері әртүрлі орында, әртүрлі уақытта орындаған «Атамекен» әні. Бір қызығы, орындаушылар музыкалық шығарманы бірінен соң бірі жалғастырып шырқайды.
Қазақтың жүрегіне айналған ән әрбір адамның бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, жігерлендіреді. Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің әні – бар қазақтың аузында жүрген туынды. Қазіргідей сын сағатта бәріміз бірігіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруымыз қажет. Ұлтымызды шабыттандыратын осындай әнмен рухымыз берік болса игі. Талай қиыншылықты бастан өткерген Қазақстан бұл ауыр сынаққа да төтеп береді.
Жиырма төрт жастағы домбырашы, әрі топтың концертмейстрі Айбек Әрімбек ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Алтын Орданың 750 жылдығын өткізу туралы халыққа жария еткен соң, мерейтойға арнап күй шығару туралы ой келгенін айтады. Домбырамен қатар шаңқобыз, сыбызғы аспаптарын да жақсы меңгерген күйшінің айтуынша, алғашқы туынды бір аптаның ішінде туған.
«Күй өте жылдам темппен орындалады. Бұдан қазақ батырларының бейнесін көруге болады. Жалпы, жастарға патриоттық рух беру мақсатында шығарылған. Үш бөліммен тұратын күйдің ұзақтығы шамамен екі минутқа созылады», дейді Айбек Кенжебайұлы.
Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына ену үшін Елорда төрінде өткен шарада «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы «Алтын Орда» күйін тұңғыш рет орындады. Топ жетекшісі Шолпан Қорғанбек жас таланттың туындысын жоғары бағалап, ансамбльге лайықтап өңдеп шыққан.
Бұған дейін қазақстандық және шетелдік туындыларды орындап, өнер көрсетіп жүрген жас дарынның дебюттік шығармасының тұсаукесері 18 наурыз күні өтеді деп жоспарланған. Алайда шартарапты шарлаған коронавирусқа байланысты кейінге шегеріпті.
«Қорқыт» дәстүрлі саз тобының көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек саз тобының әу баста 50 шығарма орындамақшы болғанын айта келе: «Бірақ 50 күйді кез келген ансамбль сахнаға алып шыға алады. Рекорд жаңартайық деп осындай қадамға бардық. Әрі 75 деген санның өзі символикалық мәнге ие. Алтын Орда хандығының 750 жылдығы аясында осы санға тоқтадық», деп өз ойын білдірді.
Аталған күй кешінде өнерпаздар домбыра, сырнай, қобыз, қылқобыз, нарқобыз, т.б. қазақтың ұлттық аспаптарында ойнады. Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген мәдени шарада күйшілер Қазақстанда алғаш рет non-stop режімінде музыкалық шығармаларды бір деммен жатқа орындап шықты. Өнерсүйер көрерменге Қорқыт, Сүгір, Қазанғап, Құрманғазы, Нұрғиса Тілендиев, Әбдімомын Желдібаев сынды түрлі қазақ және шетел авторларының 75 шығармасы ұсынылып, астана аспанын құйқылжытар күйге бөледі.
75-ші күй – Бауыржан Ақтаевтың «Ғасырлар үні» орындалып болған соң «Қорқыт» дәстүрлі саз тобына Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов арнайы сертификат табыстады.
17/02/2020
Толығырақ28/08/2019
Толығырақ2019 жылдың 24-29 қыркүйек аралығында Францияда көркемдік жетекші Берік Батырхан мен бас дирижер Ернар Нұртазиннің жетекшілігімен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестріне гастрольдік сапары өтті.
Музыканттарды француз дирижері Филипп Юи «Дес оркестрлер Du Monde» халықаралық фестиваліне (Әлемдік қалалар фестивалі) қатысуға шақырды. Мәскеу филармониясының ұжымы осы шарада алғашқы отандық оркестр болды.
Музыканттардың шығармашылық қоғамдастығы 2017 жылы басталды: содан кейін Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында Филипп Юидің жетекшілігіндегі симфониялық оркестр Сезар Франк пен Людвиг ван Бетховеннің шығармаларын орындады.
2018 жылы филармонияның дирижері мен музыканттары Жак Оффенбахтың «Хоффманның ертегілері» операсының концерттік қойылымын дайындады, ол Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған керемет музыкалық сыйлық болды. Филип Юйдің өзі отандық музыканттардың жұмысына риза болып, одан әрі қазақ-француз музыкалық тарихының жалғасын табуға өз үлесін қосты. Сұхбатында ол:
«Әр түрлі елдердің адамдарының бір-бірін жақсы білуі және жиі кездесуі өте маңызды».
Биылғы жылы ұлттық музыкалық мәдениетпен танысу эстафетасы біздің музыканттарға берілді: қазақстандық композициялар шырқалды ХХ және ХХІ ғасыр композиторлары.
Концерттік бағдарламада дәстүрлі әнді домбырамен ұсынған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Айгүл Қосанованың орындауындағы жарқын музыкалық нота болды. Берік Батырханның қыл қобыздағы ойыны қызықты әрі есте қаларлық болды.
Тыныс алмаған тыңдармандар қазақтың ұлттық музыкасын қабылдады және ұзақ уақыт бойы музыканттарды сахнадан жібергісі келмеді. Берік Батырханның айтуынша, фестивальдің бір концерттік бағдарламасы әлемдегі қазақстандық мәдениетті насихаттау үшін әртүрлі дәуір композиторларына арналған. Мұндай кеш 24 қыркүйекте Монтуир де Британи тұрғындарын күтті.
Барлығы, фестиваль аясында Мәскеу филармониясының музыканттары 3 концерт және 2 концерт-променада берді. Қазақстандық және француздық музыканттардың шығармашылық тандемі 28 және 29 қыркүйек күндері филармония «Des 2 monde» оркестрімен «Нұр сұлтан» симфониялық оркестрінің бірлескен концерттерімен біріктірілді.
Бағдарламада Ғазиза Жұбанованың «Мерекелік көшіру», скрипка, виолончель мен фортепианоға арналған үштік концерті және Людвиг ван Бетховеннің №5 симфониясы Густав Махлер. Дирижер консолінің артында Франция мен Қазақстанның дирижерлері Филипп Юи, Берік Батырхан және Ернар Нуртазин тұрды. Сол халықаралық композицияны солистер ұсынды: Ернар Нуртазин (фортепиано), Уго Борсарелло (скрипка) және Гаутье Герман (виолончель). Залдағы толық үй және қатты шапалақтау музыканттар үшін лайықты сый болды.
Берік Батырхан Францияға сәтті сапар Филип Юидің, Мәскеу филармониясының бас директоры және көркемдік жетекшісі Сәкен Абдрахмановтың, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартин мырзаның, Нұр Сұлтан Француз Одағы мен оның атқарушы директоры Динара Оразбаеваның арқасында мүмкін болғанын атап өтті. .
04/10/2019
Толығырақ04/11/2019
Толығырақ15/11/2019
Толығырақ